Қызметтер


«SecureTech Corporation» қауіпсіздік жүйелері саласына , соның ішінде: жобалау, интеграциялық бағдарламалық қамтамасыз ету,жабдықты жеткізу және орнату, іске қосу, сервистік қызметке қызметтердің толық спектрін ұсынады.


ЖОБАЛАУ

Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы технология қарқынды дамуда, пайдаланылатын құрылғылар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің деңгейі өсуде. Сондықтан да қауіпсіздік жүйелерін жобалау процесінің барлығы инженерлерден тиісті қосымша біліктілікті талап етіп, одан сайын күрделенуде.
"SecureTech" компаниясы қауіпсіздік жүйелерін жобалау бойынша мынадай кезеңдерді қамтитын қызметтерін ұсынады:

  • Нысан қауіпсіздігіне алдын ала аудит
  • Аудит нәтижесі бойынша тұлғалық және ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеу. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.
  • Жұмыс құжаттамасы мен жобаны әзірлеу
  • Жобаның сметасын жасау.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ИНТЕГРАЛДАУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ

Нысанның қауіпсіздігін басқару ұйымдарда қарастырылған, сондай-ақ , ден қою шараларын үйлестіру арқылы көптеген әртүрлі жүйелерден келіп түсетін үлкен көлемді ақпараттарды талдау және интегралдау жолымен бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етіледі.

ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ОРНАТУ. ІСКЕ ҚОСУ-БАПТАУ.

Қызметтер кешеніне жабдықтарды жеткізу, тапсырыс берушінің нысанындағы орнату және іске қосу жұмыстары, сонымен қатар пайдаланылуға қатысты мәселелер бойынша біздің компания мамандарының толықтай техникалық қолдауы.

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Өндірушінің оқытуынан өткен біздің компанияның мамандары, сондай-ақ Қазақстандағы өндірістің өкілдері жабдыққа толықтай кепілдік беруді және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асырады.  Инженерлік персоналдарды жүйелі оқыту клиентті сапалы ақпараттық-техникалық қолдауға кепілдік беруге мүмкіндік береді .