Скан-жолаушы


100%  ҚАУІПСІЗДІК. ЖЫЛДАМДЫҚ. СЕНІМДІЛІК.

ProVision 2 радиотолқынды сканері L-3 Communications Security & Detection Systems (США) компаниясының өнімі адамның денесінде және киімінде жасырылған қауіпті және рұқсат етілмейтін заттар мен бұйымдар, материалдарды автоматты түрде табу мақсатымен адамдарды байланыссыз тәсілмен тексеру үшін арналған.

ProVision 2 мөлдір қабырғалары қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне тыйым салынған немесе өзге де күдікті заттарды қоспағанда тексеру жүргізу кезінде қаралатынның бәрін көру аймағынан өткізіп  алмауға мүмкіндік береді.

ProVision 2

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТЕХНОЛОГИЯ

L-3 компаниясының әзірлемесі мен алдыңғы қатарлы технологиялар арқасында миллиметрлік толқындар аймағында  анықтауы бойынша порталда шектеу жоқ. ProVision 2 материалдың барлық түрлерін, жапырақты жарылғыш заттар, ұнтақтар, үлкен қуатты жарылғыш заттар, сұйықтық заттар, гельдер, керамикалар, пластиктер, резеңке, әйнек, ағаш, және қағаз бұйымдарды қоса таниды.
ProVision 2 қауіпті заттарды табудан басқа да күзетілетін нысан аймағынан бағалы, құнды заттарды, ақшаны, құжаттарды (азық- түліктен бастап, косметика, бағалы металдар мен чиптарға дейін), сонымен қатар, контрабандалық құралдарды алып жүру, алмалы-салмалы ақпарат тасығыштар мен басқа да тыйым салынған заттардың алдын алу үшін арналған.

ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ҚАУІПСІЗДІГІ

Қолданылатын миллиметрлік толқындар адамдар үшін мүлде қауіпсіз.  ProVision 2 ренгенді телевизиялық сканерлермен салыстырғанда адамның денсаулығына толықтай зиянсыз.

ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ҮЗДІК ДЕҢГЕЙІ

Өткізу қабілетінің деңгейі бойынша ProVision 2 адамды тексеру жүйесіне тең келері жоқ. 2 секундтан аз уақыт аралығында адамды толықтай дөңгеленте сканерлейді. Сканерлеу процесінің ұзақтылығы арқылы  және 7 секунд ішінде оның нәтижесінің шығуы, ProVision ATD-ның өткізушілік қабілеті сағатына 200-300 адамды құрайды.

ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ

Сканер қаралатын бейнені шығармайды және сақтамайды. Күдікті аймақтар қаралатындардың барлығына бірдей иесіздендірілген манекенде белгіленеді және адамдық факторға айтарлықтай әсер беретін рентгенді телевизиялық сканерлерден айырмашылығы , алынған бейнесуреттің  қорытындысын талап етпей-ақ оператордың экранына шығарылады.
 Бейнесурет құрылымының басқа да технологиясы сканерлеуде тек бір ғана жобалауды алуға мүмкіндік береді, сонымен бірге толықтай қамту үшін бірнеше сканерлеуді талап етеді. Адамның дұрыс орналасуын талап ететін уақыт, сканерлеу мен бейнесуретті зерттеу, өткізу қабілетін қатты төмендетеді.

ЖЕЛІ БОЙЫНША ЖҰМЫС

Желілік жұмыстың мүмкіндігі оператор талданатын бейнесуреттің қай порталдан келіп түскен бейнесурет екендігін білмеуі себепті, құпиялылықты сақтаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етеді. Бос кеңістіктің болуына байланысты, оператордың орны тікелей жүйенің жанында, сондай-ақ, одан қашықта орналасуы мүмкін.