Әуежайларды интеллектуалды қорғау


Әуежайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл әуежайдың  ғана жауапкершілігі емес; ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін жауапкершілікке полицейлерден бастап, кедендік құрылымдарға дейін барлық құрылымды  тарту қажет.
Әрбір осындай құрылым өзіндік жүйе мен өзіндік деректер базасына ие. Мұндай ресурстар барлық қауіпсіздік қызметтері  арасында: әуежайлар операторларымен , әуекомпанияларымен, оралмандық билікпен, полициямен, кеден қызметі және ұлттық барлау қызметімен бөлінуі тиіс.

Соның ішінде барлау ақпаратын бөлу және өзара ынтымақтастық қылмыстық әлемге қарсы мықты құралдардың бірі болып табылады  . Және бұл үлкен инвестициялар мен ұзақ уақытты талап етпейді.Жоғары технологиялы өнеркәсіп бүгін бізге мұрағаттық басқару құралдары және жедел деректермен, барлау мәліметтерінің сенімділігін айтарлықтай арттыру үшін бірнеше ақпараттық ағындарды біріктіре отырып, қылмыстық ниетті анықтаудың жаңа, неғұрлым жылдам жолдарын ұсынады.Жай сөзбен айтқанда, барлық мүдделі тараптар үшін шешімдер қабылдау оңтайландырылған процестердің нәтижесі болып табылады. Ең жаңа ақпарат әуежайларға, қауіпсіздік қызметінің органдарына, үкіметтік және басқа органдарға кідіріссіз қолжетімді болуы қажет.

Әуежайлардың қауіпсіздігі талаптарын біріктіру үшін, біз дабыл сигналдарын басқарудың жоғары технологиялық жүйесінің өзіне біріктірілетін және қажетті кіші жүйелердің барлығымен байланысты орталықтандырылған жүйесін қарастырдық.
Әдетте, мұндай біріктіру интеллектуалдық бейнебақылау, анықтау жүйесі, периметрін бақылау, тапсырмаларды басқару, көлік құралдарын бақылау, терминалдардағы жолаушыларды қадағалау мен қол жеткізудің биометрикалық басқарылуын қамтиды. Сондай-ақ, біз қауіпсіздікке жауапты қызметкерлер үшін  сапасы жақсы және көлемі үлкен  барлау деректерін беруге көмектесетін интеллектуалдық процестердің бірқатарын қарастырамыз.  Дәл осы "ақылды жүйе" негізін қалыптастырады.


МЫСАЛЫ: БОЛАШАҚ ӘУЕЖАЙ ӨМІРІНЕН ТАҢЕРТЕҢГІ БІР КҮН

«Бүгін дүйсенбі, сағат таңертеңгі  8.00. Қауіпсіздікті бақылау орталығы. Дабыл! Ит қоршаудан өтіп кетуге тырысады. Агент нақты уақыт ішінде оқиға орнынан ультрадыбыстың іске қосылуы бойынша итті қуып жіберу үшін автоматты түрде бейнеден хабарлама алады. 
Сағат таңғы 8:05. Әуе аймағына кіру пункті. Қызметкер Филип кіруді бақылау пункті арқылы өтуге тырысады, бірақ Филип әуежайдың қызметкері ретінде танылса да, оның бүгін демалысы екенін жүйе  автоматты түрде анықтайды. Қауіпсіздік қызметі бақылау пунктінің агенті бұл жөнінде ескертіп, Филипті оның әрекетінің себебін анықтау үшін шақырады: Филип кеше кеште өз құралдарын ұмытып, соны алып кеткісі келген. Бұл әбден заңды болуы мүмкін. Бірақ сол мезетте агент оны күдікті қылығы үшін ұстауға хабарлама алады. Шын мәнінде, соңғы 6 айдың ішінде Филип өзіне белгілі елдің ұшағы есірткі саудасымен жерге қонғанда,  дәл осы уақытта, әуе аймағына қол жеткізуді жүзеге асырды.
Міне, сіз үшін мысал, біріктірілген тәсіл ретінде агенттерге нақтылы қауіпті жақсы  бағдарлауға  көмектесе алады!"